Головкиннің жанкүйері оның есімімен кәсіпқой бокстағы дебютін жасады
Аргентиналық боксшы София Роблес кәсіби мансабын сенімді жеңіспен бастады. Геннадий Головкиннің жанкүйері болып табылатын София рингке София “Головкина” деген атпен шықты.
23 жастағы спортшы Буэнос-Айрестегі бокс кешінде отандасы Виктория Мануэла Ромероға (0:4) қарсы кездесу өткізді. Жекпе-жек төрт раундқа созылып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңісті София Роблес қанжығасына байлады.
Биыл София өміріндегі басты армандарының бірін жүзеге асырды: Италияда өткен лицензиялық турнирлердің бірінде Геннадий Головкинмен кездесті.
Айта кетейік, Софияның кәсіби бокста айтарлықтай жетістіктері әзірге жоқ. Дегенмен, әуесқойлар арасындағы мансабында ол Аргентина чемпионатында жеңіске жеткен.
Quién será esa muchacha que pelea el 7🤔 pic.twitter.com/x3cOxXRDLv
— Sofia Golovkin🎓🇦🇷🇰🇿 (@SoffiaGolovkina) December 3, 2024
Футзал
Бүгін 03:08
Футбол
Бүгін 02:31
Футбол
Бүгін 02:12