GGG және оның тоғыз жылға созылған үстемдігі. The Ring аты аңызға айналған Головкиннің нокауттар сериясын еске түсірді


Бокстың беделді The Ring басылымы өзінің X-парақшасында Геннадий Головкиннің кәсіби мансабындағы ең әсерлі кезеңдердің бірін еске түсірді. Журнал 2008 жылдан 2017 жылға дейін тоғыз жыл қатарынан 24 қарсыласын нокаутпен жеңген GGG-дің рекордтық сериясын жариялады.
Жазба қысқа да нұсқа стильде жазылып, Генаның мықтылығын көрсетеді
«Геннадий Головкиннің ессіз нокауттар сериясы тоғыз жылға созылды».
The Ring жариялаған инфографикада Головкин нокаутпен жеңген барлық қарсыластарының есімдері көрсетілген. Бұл кезең қазақстандық боксшының орта салмақтағы ең қаһарлы және қауіпті қарсыластардың бірі ретінде атының шығуына үлкен әсер етті.
Головкин соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста Сауль “Канело” Альвареске қарсы өткізді. Бұл олардың үшінші кездесуінде болған. Содан кейін Геннадий шаршы алаңнан уақытша кетіп, әкімшілік жұмыстарға ден қойды. Қазіргі уақытта ол Қазақстан ҰОК президенті және World Boxing ұйымының олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін атқарады.
Геннадий Головкин кәсіби мансабын ресми түрде аяқтағанын жариялаған жоқ.

Футбол
Кеше 23:21