Германияда жеңілмеген шешен боксшысы қаза тапты


Берлинде 39 жастағы кәсіби боксшы, Шешенстан тумасы Абу Юсупов пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Tagesspiegel.
Қайғылы оқиға 10 маусым күні Гезундбруннен ауданындағы вокзалда болған. Юсупов белгісіз адаммен жанжалдасып қалған. Сол сәтте оның мойнына пышақ сұғылып, ауыр жарақат салдарынан боксшы көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның басқа да мән-жайы тергеліп жатыр.
Абу Юсупов кәсіби мансабын 2020 жылы бастады және осы уақытқа дейін бірде-бір жеңіліс көрмеген. Ол Германия атынан жарысқа түскен.
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) марқұмның отбасына көңіл айтты:
«WBC Абу Юсуповтың қайтыс болуына байланысты терең қайғыруда. Оның артында жұбайы мен үш баласы қалды. Оның табандылыққа толы өмір жолы мен боксқа деген махаббаты спорт тарихында мәңгі сақталады. WBC ұйымының бүкіл ұжымы мен президенті Маурисио Сулейман отбасына және жақындарына шын жүректен көңіл айтады».
Абылайхан Жүсіпов: Әуесқой бокстағы үзіліс менің боксты қабылдауымды өзгертті.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11