«Геннадий Садриддинге рингте бірнеше құнды нәрсе көрсетті». Леффлер Садриддин Ахмедове жайлы


Танымал промоутер Том Леффлер қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0, 13 КО) әлеуетін жоғары бағалап, оны Абель Санчестің жаңа жобасы деп атады. Сәуір айында Садриддин аты аңызға айналған бапкермен ресми түрде жұмысын бастаған болатын.
«Мен Абель Санчес дайындап жатқан келесі нокаут шеберін әлемге көрсететін сәтті асыға күтіп жүрмін. Геннадий Садриддинге рингте бірнеше құнды нәрсе көрсетті. Ол бізге Ахмедовпен жұмыс істеуге батасын берді және бұл көп нәрсені білдіреді. Бұл бұрынғы GGG командасына өте ұқсас: құрамында сол менеджерлер де бар»,- деді Том boxingscere басылымына берген сұқбатында.
Леффлердің айтуынша, Садриддин чемпион болуға толық мүмкіндікке ие.
«Оның әуесқой бокста үлкен тәжірибесі бар және соққысы өте ауыр. Менің бірінші орта салмақтағы кез келген боксшым чемпион бола алады, ал Садриддин - солардың бірі».
Қазіргі уақытта Ахмедов Абель Санчестің басшылығымен Калифорнияда дайындық жүргізіп жатыр. 19 сәуір күні ол Коммерс қаласында мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) кездеседі. Бұл жекпе-жек кештің басты оқиғасы болады.

Футбол
Кеше 23:21