locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Геннадий Головкиннің ең үздік 5 жекпе-жегі

Геннадий Головкиннің ең үздік 5 жекпе-жегі
Геннадий Головкиннің ең үздік 5 жекпе-жегі

Геннадий Головкин 40 жаста, ол 2022 жылдан бері рингке шыққан жоқ. Мүмкін, бұл оның мансабының аяқталуы болар, себебі қазір қазақстандық боксшы мүлдем басқа істермен айналысуда.

Головкин Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы және халықаралық бокс ұйымы World Boxing пен Халықаралық Олимпиада комитетінің өзара байланыс мәселелерімен айналысады. Бұл қызметтер спорттан гөрі саяси бағытқа жақынырақ. Геннадий ресми түрде зейнетке шығатынын жарияламағанымен және боксқа қайта оралу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтқанымен, бұл ықтималдылық өте төмен болып көрінеді.

Сондықтан, осы орайда оның даңқты мансабындағы үздік бес жекпе-жегін еске түсірген жөн.

Геннадий Головкин ТКО 3 Макото Фучигами

12 мамыр 2012 жыл. Бровары, Украина

Геннадий Головкин мансабының бір кезеңінде Кличко бауырларының K2 Promotions компаниясымен жұмыс істеді. Дәл осы украиналық промоутерлік ұйым Геннадийді америкалық бокс сахнасына алып шығып, оның болашақта әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналуына жол ашты деуге де болады.

Фучигамиге қарсы жекпе-жек Головкин үшін Украинадағы алғашқы әрі жалғыз кездесу болды. Сонымен қатар, бұл қазақстандықтың жаңадан жеңіп алған чемпиондық титулын алғаш рет қорғаған жекпе-жегі еді.

2011 жылдың соңында Головкин орта салмақта IBO чемпионы атанып, бос тұрған титулды бірінші раундта Лахуан Симонды нокаутқа жіберу арқылы жеңіп алды. Келесі жекпе-жегінде ол Украинаға келіп, жапондық үміткер Макото Фучигамиге қарсы титулын қорғады.

Головкин рингте өте сенімді, сабырлы және шеберлікпен ойнады. Бірінші раундта қарсыласының бетін жарақаттап, екінші раундта оны нокдаунға жіберді. Үшінші раундта Головкин Фучигамиді нокаутқа түсірді. Геннадий үшін бұл жекпе-жек ешқандай күтпеген жағдай әкелмегендей, бәрін сабырмен, дәлдікпен және жоғары шеберлікпен орындады.

Дәл осы жекпе-жектен кейін Головкиннің Америкаға қадамы жасалды. Бұл оның болашақта әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналуының бастамасы болды.

Геннадий Головкин ТКО 11 Мартин Мюррей

21 ақпан 2015 жыл. Монте-Карло, Монако

Мюрреймен жекпе-жек барысында орта салмақтағы екі маңызды титул сарапқа салынды – IBO нұсқасы бойынша толық чемпиондық белбеу және WBC уақытша чемпиондық атағы.

Мартин Мюррей – тәжірибесі мол, мықты қарсылас. Ол Серхио Мартинес пен Феликс Штурм сияқты мықты боксшыларға қарсы рингке шыққан, әрі шыдамдылығымен ерекшеленетін. Оның шыдамдылығы жас болса да шарықтау шегінде жүрген Головкин үшін аса маңызды рөл атқарды.

Геннадий өзіне тән стилімен қысым көрсетіп, бұрыштарды кесіп, қарсыласын біртіндеп әлсіретті. Одан қашып құтылу өте қиын болды, Мюррейдің бұл қолынан келе бермеді – 4 және 10-раундтарда нокдаунға түсті.

Сонымен қоса, Мартин Головкинмен рингте он раундтан ұзақ тұра білген алғашқы боксшы атанды. Ал Головкин өз бокс өнері тек нокауттармен ғана шектелмейтінін дәлелдеді. Ол өзінің жұдырыстақта алатынын көрсетті.

Геннадий Головкин ТКО 8 Давид Лемье

17 қазан 2015 жыл. Нью-Йорк, АҚШ

Бұл кезең Головкиннің мансабындағы ең жарқын жылдары. 2014 жылы ол Осуман, Гил және Марк Антонио Рубионы нокаутқа жіберіп, үш сенімді жеңіске жетті. Ал 2015 жылы ол қарқынын бәсеңдетпей, Вилли Монро, Мартин Мюррей және Давид Лемьені айқын басымдықпен жеңді.

Давид Лемьеге қарсы жекпе-жек төрт чемпиондық белбеуді сарапқа салды: IBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы толық Әлем чемпионы титулы, WBC уақытша чемпиондық белбеуі және WBA суперчемпионы атағы. Ал, Лемье Геннадийге қарсылас ретінде мінсіз көрінді.

Барлық сұрақ оларың жұдырықтасу стильдерде. Лемье рингтегі шынайы жауынгер, ал мұндай қарсыластармен жекпе-жек Головкин үшін әрдайым қызықты. Лемье мен Головкиннің ақылы трансляция жүйесіндегі дебюті толығымен сәтті болды. Бұл – матчмейкерлердің жұп таңдауда қателеспеген кезі. Давидтің жойқын соққылары Головкинге әсер етуі мүмкін деп күтілгенімен, ешқандай нәтиже берген жоқ.

Геннадий бұл жекпе-жекте өзінің тек нокаутшы ғана емес, шебер тактикалық боксшы екенін қайтадан дәлелдеді. Ол алдымен қарсыласының осал тұстарын зерттеп, содан кейін оны мерзімінен бұрын жеңді.

Геннадий Головкин ТКО 5 Келл Брук

10 қыркүйек 2016 жыл. Лондон, Ұлыбритания

"Big Drama Show" бұл жолы Ұлыбритания төрінде өтті. Брук салмақ көтеріп, Головкинмен рингте кездесуге шешім қабылдады, ол кезде көп боксшылар бұл қадамға барудан тартынып жүрді. Бірақ Брук өз шеберлігін көрсетті.

Жалпы, Келл Брук – мансабы басқаша өрбісе, әлдеқайда жоғары нәтижелерге қол жеткізер еді деген ойға жетелейтін боксшы. Ол Кроуфордқа қарсы да керемет өнер көрсетті, Головкинмен де лайықты деңгейде айқасты. Алайда, соңғы нүктені қоя алмады.

Жекпе-жек тоқтатылған сәтте Брук тіпті бір төрешінің ұпай картасында алда тұрды.. Бірақ бұл қандай маңызға ие, егер Головкиннің деңгейі, күші және кез келген жағдайдан жеңімпаз болып шығу қабілеті нағыз чемпионға тән болса.

Бесінші раундта Головкин Брукты толықтай басып, айқын жеңіске жетіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Геннадий Головкин D-SD 12 Сауль Альварес

16 қыркүйек 2017 жыл. Лас-Вегас, АҚШ

Альварестің Головкинмен жұдырықтаспауға асықпағаны бекер емес еді. Ол өзін жақсы формаға келтіріп, сенімділігін арттыруы қажет болды. Сонымен қатар, басқа қарсыластар Геннадийді шаршатып, оның бірнеше жыл бұрынғы жойқын агрессиясын бәсеңдетеді деген үміт болған.

Алайда, агрессиясын бәсеңдету мүмкін болмады. Головкин бірінші нөмір болып жұмыс істеп, мексикандықты тек соққы саны арқылы ғана емес, жылдамдығы мен таймингінің дәлдігімен де басып озды.

Дегенмен, Канелоны жеңу үшін бұл жеткіліксіз болды. Мұндай медиа-машинаны тек толық басымдықпен немесе мерзімінен бұрын жеңіп қана тоқтатуға болады. Өкінішке орай, бұл жолы екеуі де орын алмады - төрешілер шешімімен тең нәтиже тіркелді.

Соған қарамастан, Геннадий бұл жекпе-жекте тағы да көптеген жанкүйерлердің жүрегін жаулады. Көпшілік жанкүйер бір оймен сенімді болды – сол кезде Головкин жеңіске жетуге лайық еді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie