locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Геннадий Головкин ХОК президентімен кездесті: Олимпиададағы бокстың болашағы талқыланды

ФОТО:  НОК РК

Геннадий Головкин Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен Парагвай астанасы Асунсьонда өтіп жатқан Panam Sports Бас ассамблеясының аясында кездесу өткізді.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Бахпен әлемдік бокс және олимпиадалық қозғалысқа қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

“Томас Бах Головкинді World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтап, оның әлемдік боксты дамытудағы үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол алдағы уақытта табысты ынтымақтастыққа үміт білдірді”, — деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті.

Головкин ХОК президентіне өзінің комиссиясының жұмыс жоспарын таныстырып, алдағы уақытта атқарылатын міндеттерді айтты. Екі тарап та боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында, соның ішінде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы ойындарда сақтау маңызды екенін атап өтті.