Фьюри жасанды интеллектпен төрелік ету жайлы: "Компьютерлерге қарсымын"
Британдық боксшы Тайсон Фьюри Александр Усикпен өткен жекпе-жектегі жасанды интеллектті пайдалану тәжірибесіне қатысты өз пікірін білдірді. Бұл кездесуде төрешілердің бірі өз шешімін жасанды интеллект негізінде шығарды, ал Жасанды интеллект алғаш рет осы жекпе-жекте сыналды.
“Компьютерлерге қарсымын! Жұмысты адамдар істесін. Адамдарға көбірек жұмыс орындарын беріп, ал компьютерлерді азырақ пайдалану қажет. Электромобильдерге де қарсымын!” — деп мәлімдеді Фьюри, оның сөзін журналист Майк Коппингер X әлеуметтік желісінде жеткізді.
Еске сала кетейік, бұл жекпе-жекте бейтарап төреші ретінде жасанды интеллект алғаш рет қолданылды, және ол да жеңісті Усикке берді. Кездесу толық 12 раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен украиналық чемпионның жеңісімен аяқталды.
Жасанды интеллект Усик пен Фьюри реваншындағы шешімді шығарды.