locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Еркін Ғаббасов 2024 жылғы Паралимпиада да оқ атудан жарыстың финалына жолдама алған жоқ

Еркін Ғаббасов 2024 жылғы Паралимпиада да оқ атудан жарыстың финалына жолдама алған жоқ

Францияда Паралимпиада ойындары аясында пневматикалық винтовкадан оқ ату жарысының іріктеу кезеңі аяқталды. Бұл жарыстарға Қазақстан өкілі Еркін Ғаббасов қатысты.

Іріктеу кезеңіне 35 мерген қатысты, бірақ ереже бойынша финалға тек үздік сегіз адам ғана шыға алды. Спортшылар 10 метр қашықтықта оқ жаудырды. Іріктеу кезеңінің көшбасшысы 637,8 ұпай жинаған словакиялық Вероника Вадовичова болды. Еркін Ғаббасов 624,3 ұпаймен соңғы, 35-орынға тұрақтады.

Еске салайық, Еркін Ғаббасов осыған дейін финалда кореялық Пак Джин Хоға есе жіберіп, Қазақстан қоржынына алғашқы және әзірге жалғыз медальді салған болатын.