Ербол Мырзабосынов әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен жас боксшылармен кездесті
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биылғы 26 қазан мен 4 қараша аралығында Черногорияның Будва қаласында және сол уақытта АҚШ-тың Пуэбло қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесіп, жас былғары қолғап шеберлері мен олардың жаттықтырушыларын марапаттады.
“Жас спортшылардың әлем чемпионаттарында топ жаруы – үлкен жетістік. Бұл жеңіс ел боксшыларының бұған дейінгі жетістіктерінің заңды жалғасыекендігін көрсетеді. Сондай-ақ әлемге біз Қазақстан құрамасының жаңа, жұлдызды буынының өсіп келе жатқанын дәлелдедік. Жастар – біздің үмітіміз, еліміздің жарқын болашағы. Боксшыларымыз өздерінің еңбекқорлығы, таланты мен талабының арқасында әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтаты. Олардың жетістіктері жаңа буынға үлгі-өнеге болады. Жас боксшыларымыздан болашақта одан да жоғары нәтижелер күтемі”, – деді Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль еншілеп, алғаш рет жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Ал АҚШ-тағы әлем чемпионатында біздің боксшылар екі күміс медаль иеленді.
Алдын Қазақстанда қаржыландыру қайта қаралады: 180 спорт түрінің тек 60-ы басымдыққа ие болады
Футбол
Бүгін 11:08
Футбол
Бүгін 10:00
Футбол
Бүгін 09:38