Джейк Пол: Мен – Мохаммед Әлиден кейін бокста болған ең керемет нәрсемін
Америкалық боксшы өз миссиясын бокс абыройын қорғау деп санайды
Бокс
18 мау 2025
01:32

Абылай Сеитов
Журналист

ФОТО: Getty Images
Танымал америкалық блогер әрі кәсіпқой боксшы Джейк Пол бокстағы рөлін жоғары бағалап, өзін Мохаммед Әлимен салыстырды.
«Қазір бокстың абыройын мен ғана қорғап жүрмін деп ойлаймын. Қалғандары тек істейтіндей түр танытады. Мен – Мохаммед Әлиден кейін бокста болған ең керемет нәрсемін. Бұған талас жоқ. Менің істеген ісімнің өзі бәрін айтып тұр», – деді Джейк Пол.
Айта кетейік, Пол кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізіп, 11 рет жеңіске жеткен. Соңғы рет ол 2024 жылдың қарашасында Майк Тайсонмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Танымал блогер әрі боксшы чемпиондық белбеу үшін айқасуды көздеп отыр.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек