Джейк Пол Майк Тайсонмен жекпе-жек жайлы: "Ол шынымен де аңыз"
Американдық блогер Джейк Пол 16 қараша күні өткен жекпе-жекте бұрынғы әлемнің абсолютті чемпионы Майк Тайсонды жеңгеннен кейінгі әсерлерімен бөлісті.
“Алдымен, Майкқа деген ерекше құрметімді білдіргім келеді — ол шынымен де аңыз. Оның үлесі болмаса бұл оқиға орын алмас еді. Жекпе-жек өте ауыр және шиеленісті өтті. Оны нокаутқа түсіргім келді ме? Иә, мен оған соққы жасағым келді, бірақ оның қарымта соққысынан қорыққаным да рас. Рингте болған оқиғаның бәрі сол сәттегі таза эмоция болды. Майк, сенің соққың күшті болды, бұл маған ұнады”, — деді Пол жекпе-жектен кейін.
Айта кетейік, жекпе-жек ресми мәртебеге ие болып, сегіз раунд, әрқайсысы екі минуттан өтті. Кездесу нәтижесінде төрешілердің бірауызды шешімімен Джейк Пол жеңіске жетіп, есеп 79-73 болды.
Футбол
Бүгін 03:35
Теннис
Бүгін 03:00
Бокс
Бүгін 02:47