locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Джейк Пол Майк Тайсонмен жекпе-жек үшін талап ететін миға қонымсыз гонорарын атады

Джейк Пол Майк Тайсонмен жекпе-жек үшін талап ететін миға қонымсыз гонорарын атады

Американдық блогер және боксшы Джейк Пол бокс аңызы Майк Тайсонмен жекпе-жек үшін қанша ақша табатынын мәлімдеді. Жекпе-жектің нәтижесіне қарамастан Пол 40 миллион доллар ақша табады.

58 жасар Майк Тайсонмен 27 жасар Джейк Пол арасындағы жекпе-жек көп адамның назарын туғызды. Жекпе-жек қос тарапқада қомақты ақша алып келеді.

"Мен бұл жерде жекпе-жек үшін 40 миллион доллар алу үшін осындамын. Мен, аңыз Майк Тайсонды нокаутқа құлату үшін осындамын. Басқа нәрсеге бәрібір.

Мен бұл жерге ақша табу үшін келдім. Менімен бокстасқандар, мені кәдімгі ютуб блогері, Disney-дің жігіті деп атайды, ал содан кейін олар нокаутта жатады. Бұл жолы да дәл солай болады. Мен және шал екеуміз Netflix-пен келісімшартқа отырдық, маған рахмет айтпасаңда болады", - деді Джейк Пол.

Жекпе-жек 21 шілде күні өтуі тиіс болған. Алайда, Тайсонның денсаулығында ақау болды. Жекпе-жек 15 қараша өтеді деп күтілуде. Тайсон және Пол көзбе-көз атысып та үлгерген.