locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Джейк Пол Канелоға үндеу жасады: "Канелоға мен керекпін.Мен оны жекпе-жекке шақырмай-ақ қояйын"

Джейк Пол Канелоға үндеу жасады: "Канелоға мен керекпін.Мен оны жекпе-жекке шақырмай-ақ қояйын"
ФОТО: Getty images

Блогер әрі боксшы Джейк Полдың айтуынша, WBA, WBC және WBO нұсқалары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль “Канело” Альварес онымен жекпе-жекке шығуға мүдделі, себебі бұл үлкен гонорарға қол жеткізудің жолы.

“Канелоға мен қажетпін. Мен оны жекпе-жекке шақырмай-ақ қояйын. Ол үлкен гонорарға мұқтаж екенін біледі және бұл ақшаны кімнің иеленіп отырғанын жақсы түсінеді”, – деп атап өтті Пол рингте Майк Тайсонды жеңгеннен кейін.

Пол Тайсонды төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп шықты. Жекпе-жек 16 қарашада АҚШ-тың Даллас қаласындағы AT&T стадионында өтті.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie