locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Дмитрий Бивол: Бетербиев – қазіргі заманның ең қауіпті боксшысы

Бокс 12 мам 2025 14:18
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Дмитрий Бивол: Бетербиев – қазіргі заманның ең қауіпті боксшысы
ФОТО: Getty Images

Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол өз отандасы Артур Бетербиевті қазіргі ауыр салмақтағы ең қауіпті қарсылас деп санайтынын ашық айтты.

Биволдың айтуынша, Бетербиевтің әсерлі рекорды мен рингтегі стилі оның қауіптілігін толық көрсетіп отыр.

«Артур сияқты боксшыны көргенде, оның статистикасына назар аударғанда, ең бірінші ойға келетіні – «Ол қаншалықты қауіпті!» деген ой. Ол өте мықты - барлық жеңісін нокаутпен алған, үш чемпиондық белбеуі бар. Нағыз нокаутшы. Бірақ дәл осындай қарсылас маған бұйырса, демек, мен де осал емеспін. Сондықтан мен оны жеңуім керек», - деді Бивол Jaratman Podcast YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Бивол мен Бетербиев арасындағы алғашқы жекпе-жек 2024 жылдың қазан айында өтіп, ол кезде жеңісті Бетербиев жеңіп алды. Ал 2025 жылдың ақпан айында өткен қарымта кездесуде төрешілердің шешімімен Бивол жеңіске жетіп, екеуінің арасындағы есеп теңесті.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie