Дензел Бентли Әлімханұлынан реванш алуға ниетті


Британдық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) қазақстандық WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11 КО) қарсы реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді.
"Мен Жәнібекпен реванш өткізу мүмкіндігіне үміттенемін – бұл жолы мен жақсырақ дайындалып, көбірек тәжірибе жинап, бірнеше жыл өткен соң онымен қайта кездескім келеді. Оның қандай боксшы екенін білемін, рингте оның стилін көрдім. Біз бұған дейін рингте кездескенбіз, енді менің міндетім – осы тәжірибені пайдаланып, оны жекпе-жек кезінде зерттемей-ақ іске асыру", – деді Бентли BoxingScene басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, олардың алғашқы жекпе-жегі 2022 жылдың қарашасында өткен болатын. Сол кездесуде Жәнібек төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.
Соңғы жекпе-жекте қазақстандық боксшы IBF белдігін сәтті қорғап, Жаңа Зеландиядан келген Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутпен жеңді.
Головкин үшінші орында. Бокс әлеміндегі мықты иектердің тізімі белгілі

Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30