locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Данияр Елеусіновтың Алматы қаласындағы бокс кешіндегі қарсыласы белгілі болды

Данияр Елеусіновтың Алматы қаласындағы бокс кешіндегі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов шаршы алаңға 28 қыркүйекте шығады. Елеусіновтың қарсыласы филиппиндік Джо Нойнай атанады.

Дания Елеусінов (11-0, 6 КО) - Джо Нойнай (23-4-2, 11 КО) жекпе-жегі 28 қыркүйек күні "Алматы аренада" өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады, деп хабарлайды All Stars Boxing промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі. Джо Нойнай жартылай жеңіл салмақтағы WBO Asia Pacific әлем чемпионы жүлдесінің 2019 жылдан 2022 жылға дейінгі иегері.

Сонымен қатар, айтулы турнирде Жаңқош Тұраров, Әділжан "Адос" Сәндібеков, Ильнар Ишимбаев, Эмиль Новрузов, Ерасыл Акранбек, Михаил "Сивый" Долгополов, Жұман Жұмабеков және Асрор Акпарходжаев сынды жауынгерлер өнер көрсетеді. Негізгі жекпе-жекте Қазақстандық MMA жауынгері Қуат Хамитов пен Нұрберген Шарипов өзара күш сынасады. Жекпе-жек бокс ережесі бойынша өтеді.

Данияр Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың 15 желтоқсанында Астана қаласындағы "IBA чемпиондар түні" турнирінде өткізді. Қазақстандық боксшы төрешілердің бір ауызды шешімімен ОАР боксшысы Джабулани Макхенсені ( 14-2, 7 КО) жеңді. Алайда жекпе-жектің нәтижесі боксшылардың кәсіби рекордына қосылмады.