locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Данияр Елеусінов Шавкат Рахмоновты еңбекқор жігіт деп атады

Данияр Елеусінов Шавкат Рахмоновты еңбекқор жігіт деп атады

2016 жылғы Олимпиада чемпионы және кәсіби боксшы Данияр Елеусінов қазақстандық ММА жауынгері Шавкат Рахмоновтың еңбекқорлығын жоғары бағалап, оны шын мәнінде «нағыз еңбекқор жігіт» деп атады.

“Әрине, бәрі Шавкатты біледі, оның жекпе-жектерін көру үшін оянамыз. Мен оны жеке танимын, оның қиындықтан өтіп, қалай жетістікке жеткенін бәрі біледі. Ол лайықты жігіт, нағыз еңбекқор. Егер оған менің көмегім қажет болса, әрине, мен достыма көмектесуге дайынмын”,-деді Елеусінов «MMA Вестнигіне» берген сұхбатында.

Еске салайық, Данияр Елеусінов үш жылдық үзілістен кейін рингке оралып, аргентиналық Хуан Эрнан Леальды (15-4-1, 4 КО) жеңіп, IBO версиясы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағын иеленді.