Данияр Елеусинов: Мен рингтегі ең мықты қырларымды көрсетуім үшін маған қарсылас керек
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусинов Meta-ratings.kz спорт-порталына алдағы WBC Peace титулы үшін филиппиндік Джо Нойнайға қарсы өтетін жекпе-жек туралы ойымен бөлісті.
"Қарсылас мықты, жылдам және ең бастысы, тәжірибелі. Оның 29 жекпе-жегі бар, ал менде бар болғаны 12. Ол WBC, WBA, IBO белбеулерінің, сондай-ақ азиялық және аймақтық титулдардың иегері болған. Бұл мені қуантады. Маған қарсылас керек, ол қорықпай, қашпай жұмыс істесе, мен де рингтегі ең мықты қырларымды көрсете алар едім. Қарсыластар тек қашып жүрсе - бұл қызық емес. Жақсы, әсерлі және әдемі жекпе-жек болады деп ойлаймын. Жанкүйерлерім үшін тамаша бокс көрсетемін деп үміттенемін", - деді Елеусінов.
Естеріңізге сала кетейік, жартылай орта салмақтағы Елеусінов пен Нойнай арасындағы титулдық жекпе-жек 28 қыркүйекте Алматы қаласында өтеді және "All Stars Boxing" компаниясы ұйымдастырған кәсіби бокс кешінің басты оқиғасы болмақ.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52