Даниял Сапарбай Бразилиядағы Әлем кубогынде қола еншіледі


Қазақстандық боксшы Даниял Сапарбай Фос-ду-Игуасу қаласында (Бразилия) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола медаль жеңіп алды.
Ол 90 кг-нан жоғары салмақта өнер көрсетті. Даниял жартылай финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировқа 0:5 есебімен жол беріп, үшінші орынға ие болды.
Сонымен қатар, тағы бес қазақстандық боксшы жартылай финалда бақ сынайды: Нұрсұлтан Алтынбек, Диас Молжигитов, Даулет Толемисов, Жазира Оракбаева және Улжан Сарсенбек. Олардың жекпе-жектері 4 сәуірге жоспарланған.
Әлем кубогы World Boxing үш кезеңнен тұрады. Бразилияда бірінші кезең өтуде, екінші кезең Қазақстанда 30 маусым мен 7 шілде аралығында ұйымдастырылады. Үшінші кезеңнің өтетін орны әлі анықталмады, бірақ ол 21–27 шілде аралығына жоспарланған.

Футбол
Бүгін 06:03
