locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Будапештте өткен турнирде қазақстандық 20 кикбоксшы әлем чемпионы атанды

Будапештте өткен турнирде қазақстандық 20 кикбоксшы әлем чемпионы атанды

23 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Будапештте кикбоксингтен әлем чемпионаты өтіп жатыр, ол қазақстандық спортшыларға көптеген медальдар әкелді.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, жарыс жасөспірімдер арасында өткізіліп жатыр, Қазақстан өкілдері үш спорт түрі бойынша бақ сынауда: фул контакт, лоу-кик және К1.

Турнир ресми түрде 1 қыркүйекте ғана аяқталатынына қарамастан, қазақстандықтар бұған дейін 20 алтын, 18 күміс және 19 қола медаль жеңіп алған.

Турнирге 53 елден 812 спортшы қатысуда.