Бұрынғы әлем чемпионы Дмитрий Бивол балаларының анасына қарсы сотқа жүгінді
Бокс
05 жел 2024 03:33
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Х
Ресейлік боксшы, жартылай ауыр салмақтағы (79,4 кг дейін) бұрынғы әлем чемпионы Дмитрий Бивол өзінің экс-жұбайы Екатерина Биволды, екі баласының анасын сотқа берді. Екатеринаның айтуынша, боксшы оны ар-намысқа және оның жұрт алдындағы абыройына нұқсан келтірді деп айыптаған.
“Бұрынғы әйел… Бүгін прокуратурада болдым: Дима мен оның анасы менің үстімнен бес рет арыз түсірген”, — деп жазды Екатерина әлеуметтік желілерде.
Еске салсақ, Дмитрий Бивол қазанда өткен соңғы жекпе-жегінде кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырады. Ол төрешілердің шешімімен (114-114, 115-113, 116-112) өз отандасы Артур Бетербиевке жол берді.
РЕСМИ: Бетербиев Бивол арасынадғы екінші кездесу күні жарияланды.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 09:47
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25