locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бразилиялық UFC файтері Рахмоновқа қарсы жекпе-жекке дайын екенін айтты

Фото: X (twitter)
Бразилиялық UFC файтері Рахмоновқа қарсы жекпе-жекке дайын екенін айтты

Бразилиялық жартылай салмақтағы UFC файтері Гилберт Бернс Қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізді.

"Шавкат негізінде Қазақстанда тұрады, АҚШ-қа тек лагерь үшін келеді. Ол шыныменде мықты жігіт, нағыз проблема. Оның соққылары мықты, ол жартылай салмақ дәрежесі үшін ұзын және алпауыт. Оған қоса ол жас. Ол өте жақсы.

Мен үшін ең жақсысы Шон Брэдиді соққыға жығып - оны тезірек жеңіп, Камара Усманды ұрып, содан кейін титул үшін жекпе-жекке шығу. Егер бұл Шавкат болса - ештеңе етпес. Біз бір-бірімізбен жұдырықтасамыз. Бізде ешқандай жаулық жоқ. Біз бірге жаттығамыз. Алайда, әр файтер үздік болғысы келеді", - деп хабарлады Sports.kz.

Шавкат АҚШ еліне келгенде, Бернс және Рахмонов бір залда жаттығады. Бразилиялықтың айтуы бойынша, бұл жекпе-жектің болмауына әсер етпейді.

Бернс UFC жартылай салмақ дәрежесінде алтыншы орында. Рахмонов үшінші.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie