locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Бразилиядадағы Әлем кубогы: қанша қазақстандық боксшы жартылай финалға өтті?

ФОТО: Olympic.kz

30 наурыз бен 6 сәуір аралығында Бразилияда World Boxing аясында бокстан әлем кубогының бірінші кезеңі өтуде.

Қазіргі уақытта турнирдің жартылай финалдық кезеңі жалғасып, қазақстандық спортшылар финал жолдамасы үшін жекпе-жекке шығады.

3 сәуірден 4 сәуірге қараған түні (Астана уақытымен 02:00-де) +90 келі салмақта Даниял Сапарбай шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы – өзбекстандық Жахонгир Зокиров.

Одан бөлек, жартылай финалға тағы бес қазақстандық боксшы өтті: Нұрсұлтан Алтынбек, Диас Молжігітов, Дәулет Төлемісов, Жазира Орақбаева және Ұлжан Сәрсенбек.

Бұл спортшылар 4 сәуір күні өз жекпе-жектерін өткізеді.

ФОТО: World Boxing
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie