locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан үшін оныншы медаль

Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан үшін оныншы медаль
Фото: Meta-ratings.kz

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Бағжан Отынбай Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан U18 жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

1/4 финалдың кезеңінде Отынбайдың қарсыласы мексикалық Валентина Муньос болды. Жекпе-жек қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Үшінші раундтың соңында төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Нәтижесінде Отынбай жартылай финалға шығып, кем дегенде әлемдік біріншіліктің қола медалін қамтамасыз етті.

Естеріңізге сала кетейік, жастар біріншілігінің ширек финалында Қазақстан құрамасы осындай құрамда өнер көрсетеді:

Қазақстанның ерлер командасы:
  • Салмағы 48 келі: Диас Берікбай (жартылай финалға шықты)
  • Салмағы 51 келі: Бексұлтан Боранбек
  • Салмағы 57 келі: Жансери Көшербаев
  • Салмағы 67 келі: Төрехан Сабырхан (жартылай финалға шықты)
  • Салмағы 71 келі: Өнер Сейлхан
  • Салмағы 75 келі: Санжаралы Бегалиев (жартылай финалға шықты)
  • Салмағы 92 келі: Расул Асанханов (жартылай финалға шықты)
  • Салмағы 92 келіден асады: Аслан Елдібайұлы
Қазақстанның әйелдер командасы:
  • Салмағы 48 келі: Анель Абдрасилова (жартылай финалға шықты)
  • Салмағы 50 келі: Эльнур Тұрғанова (жартылай финалға шықты)
  • Салмағы 52 келі: Бағжан Отынбай (жартылай финалға шықты)
  • Салмағы 60 келі: Толғанай Қасымхан (жартылай финалға шықты)
  • Салмағы 63 келі: Аружан Жаңабаева (жартылай финалға шықты)
  • Салмағы 66 келі: Ұлдана Таубай
  • Салмағы 70 келі: Мария Сидоренко (ширек финалда жеңіліп қалды)
  • Салмағы 75 келі: Шұғыла Налибай
  • Салмағы 81 келі: Аружан Зейнуллаева (жартылай финалға шықты)
  • Салмағы 81 келіден асады: Панар Сейтжанқызы
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie