locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Бокстан қазақстандық әлем чемпионы ірі турнирдің финалына шықты

Фото: olympic.kz

Шымкентте (Қазақстан) 3 қыркүйекте КСРО Батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған ерлер арасындағы бокстан халықаралық турнирдің жартылай финалдық жекпе-жегі өтуде.

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов жарыстың финалына шықты. Қазақстандықтың жартылай финалдық кезеңдегі қарсыласы отандасы Еркебұлан Ақымбай болды. Жекпе-жектің өзі төрешілердің бірауыздан шешімімен Нұрдәулетовтің жеңісімен аяқталды.

Бекзат Нұрдәулетов Екатеринбургте 2019 жылғы әлем чемпионы атанған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін топ-турнирдің финалына қазақстандық кәсіпқой боксшы Тұрсынбай Құлахмет шыға алмады