Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған турнирдің 1/2 финалын
Қазақстандық былғары қолғап шебері Айбек Оралбай, аса ауыр салмақ дәрежесінде (92+кг) өнер көрсетіп, КСРО Батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Жарыс Қазақстанның Шымкент қаласында өтіп жатыр.
Айбек Оралбайдың ширек финалдағы қарсыласы түркиялық Айдамир Угур болды. Жекпе-жек нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен сенімді жеңіске жетті.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне Қайрат Сәтжанов тағайындалғаннан кейін Айбек Оралбай ұлттық команданың капитаны атанды, ал осы турнир алдында ол салмақ дәрежесін өзгертіп, аса ауыр салмаққа ауысты.
Бұған дейін жартылай финалға Қазақстанның тағы 5 өкілі шыққан болатын. Соңғысы Абылайхан Жүсіпов, ол жерлесі Алмас Көшербаевты мерзімінен бұрын жеңді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52