locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері: "Менің ойымша, олар біршама уақыт рингке шықпайды"

ФОТО:  Getty images
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері: "Менің ойымша, олар біршама уақыт рингке шықпайды"

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов командадағы бүгінгі жағдай туралы ақпаратпен бөлісіп, Шымкентте өткен турнирдің қорытындысына тоқталды. Сондай-ақ, ол команданың жетекші боксшыларының жарақаты мен жаттығуы тақырыбына тоқталды.

«Өткен турнирде біздің боксшылар жақсы өнер көрсетті. Тіпті өте жақсы деуге болады. Жарыс жақсы өтті. Ұлттық құрама боксшыларының барлығы қатысты. Тек үш спортшыны ғана босаттық. Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев

Оған себеп – жарақаттар. Алған жарақатынан емделу үшін ұзақ уақыт қажет болды. Мәселен, Нұрбек мұрнына ота жасауы қажет. Ол әлі біраз уақыт шаршы алаңға шықпайды деп ойлаймын. Десе де жиындарға қатысады. Спаррингке әзірге шығармаймыз. Барынша мұқият болып, абайлауы керек болады. Қамшыбектің омыртқасында жарық бар. Асланбек те ем алып жатыр. Сондықтан біз оларға жиындар мен алдағы сайыстарға қатыспауға рұқсат бердік», - деді маман.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie