locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бокстан Қазақстан құрамасы Еуразия кубогінде 13 медаль жеңіп алды

Фото: X (twitter)
Бокстан Қазақстан құрамасы Еуразия кубогінде 13 медаль жеңіп алды

Читеде бокстан Еуразия кубогі өтті, Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Алтын медальді 67 келі салмақта Төрехан Сабырхан алды. Мадияр Бексұлтанов (80 келі) пен Жансерік Көшербаев (57 келі) күміс медаль еншіледі.

Қазақстан құрамасының 10 боксшысы қола медаль жеңіп алды. Бұл тізімге Бексұлтан Боранбек (51 келі), Әділбек Қожахан, Әли Мұрат (54 келі), Бауыржан Мұратов (57 келі), Асылхан Көшербай, Ахмет Үсен (63,5 келі), Өнер Сейілхан (71 келі), Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Дамир Синеев (80 келі), Аслан Еділбайұлы (92 келі).

Айта кетейік, жастар құрамасының бұрынғы бапкері Қайрат Сәтжанов қазір ұлттық құрамада жұмыс жасайды. Жастар құрамасын Бағдат Оңғарбаев жаттықтырады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie