locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бокс: Қазақстанның 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспауы мүмкін

ФОТО:  KBF

ХОК IBA құрамынан шықпайтын елдердің 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайтынын анық айтқанына қарамастан, Қазақстан әлі де ХБА мүшесі болып қала береді.

ХБА-ның енді бұдан былай Олимпиадалық қозғалыспен байланысы жоқ және оның орнына жаңа Әлемдік бокс федерация құрылды. Егерде, Қазақстан IBA-да қалатын болса , боксшыларымыз Ливерпульдегі әлем чемпионатына да, Лос-Анджелестегі Олимпиадаға да жолдама алмайтыны сөзсіз.

IBA 2025 жылы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Белградта өтетінін ресми түрде жариялады. Бұл Елдос Сайдалиннің командасы наурыз айында өтетін турнирге қатысса, 100 пайызға жуық ықтималдықпен қыркүйекте Ливерпульде өтетін әлем чемпионатынан шеттетіледі деген сөз. Ал бұл команда үшін үлкен тәуекелдер тудырады. Жағдай күрделі және шешім қабылдауға аз уақыт қалды.