Бетербиевтің әрекеті дау тудырды. Биволдың бапкері оның қол алысудан бас тартқанын сынға алды


IBF нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы және ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың қазіргі бапкері Дмитрий Кириллов Артур Бетербиевтің жекпе-жектен кейін қарсыласының қолын алудан бас тартуына қатысты өз ойын білдірді.
“Менің түсінуімше, ол “Үшінші жекпе-жектен кейін қол алысып көрерміз” деген сөзді айтты. Егер солай болса, демек, ол бұл әрекетке бармады, себебі олардың тарихы әлі аяқталған жоқ. Ол қайта кездесуге дайын. Дегенмен, қарсыласың қолын созғанда оны алмау – әлсіздік пен құрметсіздіктің белгісі. Мүмкін, бұл үшінші жекпе-жектің жарнамасымен байланысты шығар”, — деді Кириллов MMA.Metaratings.ru сайтына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Бетербиев үшін Биволдан алған жеңіліс оның кәсіпқой мансабындағы алғашқысы болды. Ал өткен жылы дәл осы Бивол да алғаш рет жеңіліс тапқан еді, бірақ сол кезде ол қарсыласына құрмет көрсетіп, қол алысудан бас тартқан жоқ.
Қазіргі таңда Артур Бетербиевтің еншісінде 21 жеңіс (оның 20-сы нокаутпен) және 1 жеңіліс бар. Дмитрий Бивол болса, 24 жекпе-жекте жеңіске жетіп (12 нокаут), бір рет жеңілген.
Бұған дейін Дмитрий Бивол Артур Бетербиевтің бұл әрекетінің себебін түсіндірген болатын.

Футбол
Бүгін 16:00
