Бетербиевтің командасы-боксшының мансабын аяқтау туралы: “Артур боксты жалғастырғысы келеді”
Абсолютті әлем чемпионы Артур Бетербиевтің бапкері Нурипаша Талибов боксшының кәсіби рингте қанша уақыт өнер көрсеткісі келетіні туралы айтып берді.
"Артур боксты жалғастырғысы келеді, ол бокстан шаршаған жоқ. Бұл таңқаларлық, өйткені ол бокспен сегіз жасынан бері айналысады. 30 жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді. Мен одан: қашанға дейін өнер көрсетпексің деп сұрадым. Ол: мен мансабымды аяқтау туралы ойлаған жоқпын деді. Менің ойымша, ол тағы екі-үш жыл еркін бокс жасай алады. Ол режимді сақтайтын жігіт, бокс оған әлі де қуаныш сыйлайды. Сол себепті де ұзақ уақыт бойы рингте жүр,” – деп бөлісті Талибов.
Еске салайық, 12-13 қазан аралығында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) Бетербиев пен Бивол арасындағы жекпе-жек Артурдың жеңісімен аяқталды. Төрешілердің шешімімен (114-114, 115-113, 116-112) Артур жеңімпаз атанды.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20