locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Берік Сұлтан: Дэвид Бенавидес пен Канелоға қарсы дайындаламыз

Бокс 02 сәу 2025 05:44
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Берік Сұлтан: Дэвид Бенавидес пен Канелоға қарсы дайындаламыз
Фото: gettyimages

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) Астанадағы жекпе-жегінен кейін Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуге дайындалады.

Бұл туралы қазақстандық боксшының менеджері Берік Сұлтан Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Біз тек 5 сәуірге дайындалып жатқан жоқпыз. Одан кейін бізді үлкен жекпе-жектер күтіп тұр. Дэвид Бенавидеске (30-0, 24 KO), Канелоға (Сауль Альварес) қарсы дайындаламыз. Мұндай қарсыластарға дайындықты ертерек бастап кеттік. Мексикадан бапкер алдырттық, өйткені олардың стилі өзгеше. Біз Мексика мен қазақ стилік біріктіріп, агрессивті жаңа стиль ойлап табамыз», - деді Берік Сұлтан.

5 сәуірде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы француз Ануаэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 KO) жұдырықтасады.

Айта кетейік, Сауль Альварес те, Дэвид Бенавидес те Жәнібектен жоғары салмақта өнер көрсетеді. Бұған дейін америкалық спорт сарапшылары қазақ боксшысына салмақ көтеруге кеңес берген.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie