locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Белал Мұхаммад Шавкат Рахмоновқа қарсы титулдық жекпе-жек өткізуі мүмкін

ФОТО:  Getty images
Белал Мұхаммад Шавкат Рахмоновқа қарсы титулдық жекпе-жек өткізуі мүмкін

Америкалық ММА файтері Белал Мұхаммад өз чемпиондық титулын қорғау үшін UFC жартылай орта салмақта қазақстандық Шавкат Рахмоновпен кездесу өткізуі мүмкін деп мәлімдеді спортшының менеджері Али Абдель-Азиз.

“Мүмкін, Белал желтоқсан айында қайтадан октагонға шығады, бірақ оның қарсыласы кім болатыны және жекпе-жек қайда өтетіні туралы шешімді Дэйна Уайт қабылдайды. Оның қарсыласы Рахмонов, Усман немесе UFC таңдаған кез келген басқа файтер болуы мүмкін. Мен Белалға чемпион кез келген қарсыласпен кездесуге дайын болу керектігін, оппоненттің аты маңызды болмауы тиіс екенін айттым”, — деді Абдель-Азиз mmafighting.com сайтына берген сұхбатында.

Мұхаммадтың ММА-де 24 жеңісі және үш жеңілісі бар. Рахмонов (18-0) UFC жартылай орта салмақ дәрежесінде рейтингтің үшінші орнында тұр.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie