locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Басы дауға қалған Олимпиада чемпионы Иман Хелиф кәсіпқой боксқа ауыспақшы

ФОТО:  Getty images
Басы дауға қалған Олимпиада чемпионы Иман Хелиф кәсіпқой боксқа ауыспақшы

Үндістанда өткен Әлем чемпионаты кезінде гендерлік тексттен өте алмай қалған алжирлік боксшы қыз Иман Хелиф кәсіпқой боксқа ауыспақшы.

Ағзасында тестестерон көп болып, Әлем чемпионатында жекпе-жектен шектелгеніне қарамастан Халықаралық Олимпиада комитеті Иман Хелиф пен Линь Юйтинді (Тайвань) Париждегі Олимпиадаға қатыстырды.

Нәтижесінде Иман Хелиф 66 келіде, Линь болса 57 келіде Олимпиаданың чемпионы атанды.

Бірақ, сол Олимпиада барысында екі боксшы да хейттің астында қалды.

Енді міне сол Олимпиададан кейін Хелиф біржолата кәсіпқой боксқа ауыспақшы.

- “Жуырда мен кәсіпқой боксқа ауысамын. Ол жақтан ұсыныс та көп келіп жатыр. Себебі, Олимпиада чемпионына бәрібір жоғары бағаланады”, - деді Хелиф En Nahar басылымына берген сұқбатында.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie