Бангкок конференциясы: Азияда жаңа бокс ұйымы құрылатыны жарияланды
Бангкок қаласында Азия бокс конфедерациясының (ASBC) кезектен тыс конференциясы өтті. Күн тәртібінде басты мәселе – ұйымның IBA құрамынан шығып, World Boxing құрамына қосылуы талқыланды.
ASBC құрамындағы 36 федерацияның (оның ішінде Қазақстан да бар) 25-і IBA құрамынан шығуға қарсы дауыс берсе, 10-ы бұл ұсынысты қолдады, ал бір федерация қалыс қалды. Көптеген сарапшылар мен инсайдерлер бұл шешімнің алдын ала қабылданғанына сенімді болғандықтан, дауыс беру нәтижелері күтпеген жағдайға айналды.
Дауыс беруден кейін ASBC президенті Пичай Чунхаваджира мен бас хатшы Әли Саламех өз қызметтерінен кетуге шешім қабылдады. Көп ұзамай Азияда World Boxing құрамына қосылатын жаңа бокс ұйымының құрылатыны жарияланды.
World Boxing президенті Борис ван дер Ворст бұл жағдайды бокстың дамуы үшін “тарихи сәт” деп бағалады:
“Біз Азиядағы бокстың мүмкіндіктерін кеңейту жолындағы бұл қадамды ерекше құлшыныспен қабылдаймыз. Жаңа азиялық бокс конфедерациясы спортты аймақта жаңа деңгейге көтеретініне сенімдіміз.”
Еске салайық, Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) IBA ұйымын тану мәртебесінен айырған болатын. Бұл шешімге сәйкес, IBA Олимпиада ойындарындағы бокс жарыстарын ұйымдастыру құқығынан айырылды. Бұл жауапкершілік енді World Boxing ұйымына жүктелді.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34
Формула-1
Бүгін 02:34
Баскетбол
Бүгін 02:18