Балауса Мұздиман Астанада өтетін Fight Night турнирінде титулдық жекпе-жек өткізеді
Бокс
07 жел 2024 02:13
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: IG Балауса
Қазақстандық боксшы Балауса Мұздиман (5-0, 4 КО) 20 желтоқсан күні Астанада өтетін Fight Night турнирінде үндістандық Тану Девиге қарсы жекпе-жек өткізеді.
WBA Asia титулының иегері Балауса соңғы рет 2024 жылдың шілде айында рингке шығып, таиландтық Джиттамат Манопчайды жеңген болатын. 22 жастағы Тану Деви (3-0) қараша айында бангладештік Танжиланы жеңіп, өз шеберлігін көрсеткен.
Сондай-ақ, Астанадағы турнирде аралас жекпе-жек шеберлері Жалғас Жұмағұлов пен Дамир Исмағұлов өнер көрсетеді.
Танымал жаңалықтар
Басқа спорт түрлері
Бүгін 11:51