locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Бақыт Сарсекбаев: Бұл – Қазақстан үшін ерекше күн

Бокс 23 мам 2025 23:13
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Бақыт Сарсекбаев: Бұл – Қазақстан үшін ерекше күн
ФОТО: Getty Images

Қазақстан жастар құрамасының (U-22) бас бапкері Бақыт Сарсекбаев Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен 2025 жылғы Азия чемпионатында командасының көрсеткен нәтижесі туралы пікір білдірді.

23 мамыр күні өткен финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша қазақстандық былғары қолғап шеберлері айрықша табысқа жетіп, 22 алтын медаль жеңіп алды.

«Бүгін – шын мәнінде ерекше күн. Финалдық жекпе-жектер аяқталды, он боксшымыз Азия чемпионы атанды. Олар өздерінің мінезін, шеберлігін көрсете білді. Барша командаға жанқиярлықпен еңбек еткені үшін алғыс айтамын. Өкінішке қарай, жеңілістер де болды - 63 кг және ауыр салмақтағы спортшыларымыз қарсыластарына жол берді. Бірақ бұл да – маңызды тәжірибе, ол оларды күшейте түседі», – деді Сарсекбаев Qazsport телеарнасына берген сұхбатында.

Коломбодағы Қазақстан жастар құрамасының бұл көрсеткіші – соңғы жылдардағы ең жарқын нәтижелердің бірі саналады. Бұл – елімізде жастарды даярлау жүйесінің деңгейі жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie