locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Баходир Жалолов IBF рейтингінде үздік ондыққа енбей қалды

Бокс 11 сәу 2025 07:37
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Баходир Жалолов IBF рейтингінде үздік ондыққа енбей қалды
Фото: gettyimages

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін өзбекстандық Баходир Жалолов (15-0, 14 КО) IBF рейтингінде небәрі 13-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, тізімде бар-жоғы 15 боксшы ғана бар.

Өзбек боксшысы Астанадағы кәсіпқой бокс кешінде украиналық Игорь Шевадзуцкийді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Алайда, осы жекпе-жектен кейін оны сынағандар көп болды. Тіпті, кәсіпқой бокста өзбек боксшысының еш болашағы жоқ деп болжам жасаған сарапшылар да бар.

Баходир Жалолов ұзақ уақыттан бері кәсіпқой мен әуесқой боксты қатар алып жүр. Ол Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әлем мен Азия чемпионы және Азия ойындарында да жеңімпаз атанған. Алайда, кәсіпқой бокста 15 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетсе де, ешқандай титулы жоқ.

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек IBF рейтингінде бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie