Азиз Қожамбетов Азия бокс конфедерациясының уақытша президенті қызметін атқарады
Қазақстандық Азиз Қожамбетов Азия бокс конфедерациясының (ASBC) президенті міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
ASBC-ның кезектен тыс конгресі күтпеген шешімдерге толы болды: ұйымның президенті Пичаи Чунхаваджира мен бас хатшысы Әли Саламех өз қызметтерінен кетті. Осылайша, конфедерацияның уақытша басшысы ретінде бұған дейін вице-президент қызметін атқарған Азиз Қожамбетов тағайындалды.
Айта кетерлік жайт, тамыз айында Париж Олимпиадасында қазақстандық боксшылардың сәтсіз өнер көрсетуінен кейін Қожамбетов Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті қызметінен босатылған болатын.
Сонымен қатар, конгрессте ASBC-ның Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) құрамынан шығу мәселесі де қарастырылды. Дегенмен, қатысушылардың басым бөлігі бұл бастамаға қарсы дауыс берді.
Саяси жағдайлардың күрделілігіне қарамастан, ASBC өкілдері Азия чемпионатының кестеге сай өтетінін мәлімдеді. Чемпионат 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Тайландтың Чиангмай қаласында ұйымдастырылады.
Теннис
Бүгін 01:30
Баскетбол
Бүгін 01:06