Азия Чемпионатының бесінші күнінің қорытындысы: Қазақстан жоғары дәрежеде өнер көрсетуде
4-желтоқсан күні, Азия чемпионатында бокстан кезекті жарыс күні өз мәресіне жетті. Қазақстандық боксшылар төрт жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде жеңіс тұғырынан көрінді.
67 кг салмақ дәрежесінде Дулат Бекбауов Малайзиядан келген Ариф Мухаммадқа еш мүмкіндік қалдырмады. Үшінші раундта қарсылас үшінші рет нокдаунға түскеннен кейін, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. 71 кг салмақта Абылайхан Жүсіпов Түрікменстандық Байрамдурды Нурмухаммедовке қарсы айқын басымдықпен жеңіске жетті. 75 кг салмақтағы Диас Молжігітовтің қарсыласы жарыстан бас тартуына байланысты қазақстандық спортшы жартылай финалға автоматты түрде жолдама алды.
Әйелдер арасындағы жарыстарда 48 кг салмақ дәрежесінде Айгерім Саттыбаева Филиппин құрамасының өкілі Офелия Магноны сенімді түрде жеңіп шықты. Ал 54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сымбат Алиасқар, өкінішке қарай, Қытайдан келген Вэньцань Сюйге жол беріп, чемпионатты аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда чемпионат Иорданияның Амман қаласында өтуі тиіс еді, алайда қауіпсіздікке байланысты жарыс Таиландтың Чиангмай қаласына ауыстырылды. Сайыс 11 желтоқсанға дейін жалғасады.