locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Азия чемпионаты. Бейбарыс Жексен жартылай финалына шыға алмады

Азия чемпионаты. Бейбарыс Жексен жартылай финалына шыға алмады
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық боксшы Бейбарыс Жексен Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады. Ол тартысты жекпе-жекте тәжікстандық Акмал Убайдовқа есе жіберді. Қазылар алқасы бейнеқайталауды қарағаннан кейін жеңісті қарсыласына берді.

Бұл Таиландта өтіп жатқан турнирде Қазақстанның ерлер құрамасы үшін алғашқы жеңіліс болды.

Акмал Убайдов 2021 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап келеді. Ол 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында уақытынан бұрын жеңіске жеткен.

Бейбарыс Жексен турнирдегі алғашқы кездесуінде өзбекстандық боксшы Дильшод Абдумуродовты жеңіп, сенімді түрде дебют жасаған болатын.

Азия чемпионаты: Оразбек Асылқұлов рингті бағындырып, жартылай финалға шықты.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie