locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстанның Странджа кубогындағы үстемдігі. Төртінші күннің қорытындысы бойынша 14 медаль

Қазақстанның Странджа кубогындағы үстемдігі. Төртінші күннің қорытындысы бойынша 14 медаль
ФОТО: KBF

Болгарияның София қаласында өтіп жатқан 76-шы халықаралық “Странджа кубогы” турнирінде Қазақстан құрамасы кезекті табысты күнін өткізді. Төртінші жарыс күнінде қазақстандық боксшылар 17 жекпе-жек өткізіп, 14 спортшымыз жүлдегер атануды қамтамасыз етті. Бұл – еліміздің бокстағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдейтін көрсеткіш.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері бұл күні де көзге түсерлік шеберлік пен қайсар мінез көрсетті. Теміртас Жүсіпов (48 кг), Даниял Сабит (51 кг), Тимур Қабдешов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Серік Теміржанов (60 кг) өз қарсыластарынан айқын басым түсті.

Талғат Сырымбетов (60 кг) ең әсерлі жеңістердің бірін тіркеп, алғашқы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Сондай-ақ, 63,5 кг салмақтағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Ертуған Зейнұллинов, 67 кг санатындағы Төрехан Сабырхан, 71 кг салмақта Абылайхан Жүсіпов пен Фаррух Тоқтасұнов, сондай-ақ 75 кг салмақта Сабыржан Аққалықов пен Тимур Нұрсейітов жеңіске жетіп, кем дегенде қола жүлдені иеленетін болды.

Өкінішке қарай, Санжар Ташкенбай (48 кг) ирландиялық Луис Руниге бірінші раундта техникалық нокаутпен жол берді, ал Санатәлі Төлтаев (67 кг) және Азамат Бектас (80 кг) өз қарсыластарына ұпай санымен есе жіберді.

Сонымен қатар, Махмұд Сабырхан (54 кг) Косово боксшысы Башким Байокумен кездесуін өткізе алмады. Ол сырқатына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie