locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстанның 17 боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Қазақстанның 17 боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды
ФОТО: Getty Images

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері аяқталды.

Ширек финалда Қазақстанның ерлер мен қыздар құрамасынан 18 боксшы өнер көрсеткен болатын. Олардың тек біреуі жеңіліп, қалған 17-сі жартылай финалға жолдама алды.

Кещеші жарыс күнінің кешкі сессиясында қазақстандық алты боксшы рингке шыққан болатын. Алдымен Ұлдана Таубай (66 кг) ресейлік қарсыласын 5:0 есебімен жеңсе, артынша Панар Сейітханқызы (+81 кг) румын боксшысын техникалық нокаутпен ұтты. Сондай-ақ, Шұғыла Нәлібай (75 кг) да ширек финалды жеңіспен аяқтады. Ал, ерлер құрамасынан Бексұлтан Боранбек (51 келі) ресейлік Ребедюкті 5:0 есебімен жеңді. Жансері Көшербаев (57 келі) болса түркімен спортшысына еш мүмкіндік қалдырған жоқ, есеп – 5:0. 71 келіде өнер көрсеткен Өнер Сейілхан да албан боксшысын дәл осындай есеппен ұтты.

Айта кету керек, жартылай финалға шыққан боксшылардың саны жағынан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында көш бастап тұр.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie