locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық жауынгердің UFC-дегі жекпе-жегінің күні жарияланды

Фото: X (twitter)

UFC-дегі қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев бразилиялық Матеус Николауға қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Meta-ratings. Жекпе-жек 20 қазанда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Vegas 99 турнирі аясында өтеді.

Алмабаев өзінің соңғы жекпе-жегін маусым айында UFC on ESPN 58 турнирі аясында Хосе Джонсонға қарсы өткізді. Жекпе-жек соңына дейін жалғасты.

Қазақстан өкілі бұл жекпе-жекте төрешілердің бір ауызды шешімімен жеңіске жетті. Оның есебінде екі жеңіліспен барлығы 20 жеңіс бар.

Николау өзінің соңғы жекпе-жегін сәуір айында Алекс Переске қарсы UFC on ESPN 55 турнирі аясында өткізді. Бұл жекпе-жекте Матеус екінші раундта нокаутқа түсіп, мерзімінен бұрын жеңілген еді.

Бразилиялықтың есебінде барлығы 19 жеңіс, төрт жеңіліс және бір тең нәтиже бар.