locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық Төлтаев беделді рейтингте жоғарылады

ФОТО: Google

Қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаев (3-0, 1 КО) жақында жеңіске жеткеннен кейін Boxrec.com сайтындағы рейтингін жақсартты.

Өткен аптада Төлтаев Алматыда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, ресейлік Магомедрасул Омаровты (2-1, 1 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бұл жетістікке байланысты қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде жеңіл салмақта 526-орыннан 517-орынға көтерілді.

Айта кетейік, өткен жылы Саматәлі Төлтаев әуесқойлар арасындағы жарыстарда допинг қолданды — оның сынамасынан тыйым салынған анаболикалық стероид оралтуринабол табылды. Нәтижесінде боксшы 2026 жылдың 31 наурызына дейін жарыстардан шеттетіліп, Қазақстан құрамасынан шығарылған еді.