Қазақстандық спортшылар бокстан ӘЧ-дағы алғашқы күнде қалай өнер көрсетті
Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде, Черногорияның Будва қаласында өткен додада, қазақстандық боксшы Алексей Хаванцев Қырғызстан өкілі Алихан Майранбековты жеңіп, жанкүйерлерін қуантты.
Кейін рингке Қазақстанның тағы бір өкілі – Бақытжан Айтмұханов (86 кг дейін) шығып, өкінішке орай, Андрей Румянцевтен жеңіліп қалды. Жекпе-жек өте қызықты және тең дәрежеде өтті, бұл боксшылар бар күшін рингте қалдырған жекпе-жектердің бірі болды, қос жақта жеңіске лайық болғанымен, соңғы сәтте беларус Андрей Румянцевтің қолы көтерілді.
Айта кетейік, Бақытжан былтыр жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатында төрешілер дауына тап болды. Арменияда өткен сол турнирде Айтмұханов қарсыласы Гуан Хао Панеманы екі рет нокдаунға жібергенімен, төрешілердің шешімімен жеңіс Тайвань боксшысына берілді. Бұл жекпе-жекті Айтмұханның жеңісін “ұрлады” деп атауға келеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52