locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық Олимпиада финалисті ірі турнирде кәсіби боксшыны қиналмай жеңді

Қазақстандық Олимпиада финалисті ірі турнирде кәсіби боксшыны қиналмай жеңді

Бүгін Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Абдалиевті еске алуға арналған ерлер арасындағы халықаралық бокс турнирі басталды.

Қазақстандық боксшы Талғат Шайкен 71 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды. Оның 1/8 финалдағы қарсыласы бұрынғы кәсіби боксшы Рахат Сейітжан болды.

Жекпе-жек Шайкеннің айқын жеңісімен, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен аяқталды.

Талғат Шайкен - 2018 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадасының финалисі. 2020 жылы ол Қазақстанның ұлттық құрамасы сапынан кетіп, кәсіби боксқа ауысты. Екі жыл ішінде тоғыз жекпе-жек өткізіп, оның бесеуін нокаутпен аяқтады.