locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық Нығметолла 21 қыркүйек күні Алматыда рингке шығады

Қазақстандық Нығметолла 21 қыркүйек күні Алматыда рингке шығады

Жеңіліп көрмеген Қазақстан боксшысы Елшат Нығметолла келесі жекпе-жегі қашан өтетіні жариялады. Ол 21 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешінде танзаниялық Мухсин Кизотоймен кездеседі. Жекпе-жек екінші жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді және 8 раундқа жоспарланған.

Нығметолла осы жылдағы екінші жекпе-жегін өткізбек. Ол маусымда Сарвар Усмановты жеңген болатын. Ал Кизота Абу-Дабиде жергілікті боксшыдан жеңіліп қалған болатын.