locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық файтер титулын қорғау үшін жекпе-жек өткізеді

Фото: X (twitter)

Қазақстандық файтер Темерұлан Шашубай Nomad промоушенінде титулын қорғайды. Бұл туралы Meta-ratings хабарлады.

Шашубай 7 қыркүйек Алматыда өтетін Nomad Fighting 10 турнирінде, Ресейлік Харун Бозиевпен жұдырықтасады.

Өткен айда Бозиев қазақстандық файтер Қаныш Сейдазымды нокаутқа түсірген болатын. Бұл Харунның Nomad-тағы дебюттік жекпе-жегі болғанымен, ол бірден чемпионмен жұдырықтасқалы жатыр.

Шашубай бұл ұсынысты қабылдайды. Қос файтер көзбен атысу дуэлін өткізіп те үлгерді.

Темерұлан соңғы жекпе-жегін Ресейлік Андрей Мешковқа қарсы өткізді. Кездесу Қазақстан өкілінің жеңісімен аяқталды.