Қазақстандық боксшылардың WBC рейтингіндегі жаңа орындары
Жаңартылған WBC (Дүниежүзілік бокс кеңесі) рейтингінде қазақстандық боксшылардың позицияларында өзгерістер болды.
Суперауыр салмақта қазақстандық Иван Дычко өз орнын сақтап, 31-орында қалды.
Жартылай ауыр салмақта Бекзад Нұрдаулетов 30-орыннан 32-орынға төмендеді.
Екінші орта салмақта Әли Ахмедов бір сатыға төмен түсіп, 12-орыннан 13-орынға жылжыды.
Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов үшінші орнын сақтап қалды. Ол британдықтар Хамза Шираз және Крис Юбэнк кішіге жол беріп тұр. Орта салмақтағы WBC чемпионы — Доминикан Республикасының өкілі Карлос Адамес.
Бірінші орта салмақта Садриддин Ахмедов бір позицияға төмендеп, 32-орынды иеленді.
Жартылай орта салмақта Данияр Елеусінов бір сатыға төмен түсіп, 22-орынға жайғасты.
Бірінші жартылай орта салмақта Сергей Липинец үш позицияға төмендеп, 26-орынға орналасты. Батыр Жүкембаев алты сатыға түсіп, 34-орынды иеленді.
Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зауырбек 31-орыннан 29-орынға көтерілді.